ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 18 маусымында ШҚО, Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылының мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басқа облыстық құқық қорғау органдары және басқармалардың өкілдерімен бірлесе азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Аталған акцияның мақсаты – азаматтарды қабылдай отырып құқықтық кеңес беру арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.