ШҚО білім басқармасына қарасты «Үміт» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жазғы сауықтыру лагері ашылды

ШҚО білім басқармасына қарасты «Үміт» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жазғы сауықтыру лагері ашылды

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасына қарасты «Үміт» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне арналған жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің мақсаты – балаларға тиімді әрі мазмұнды демалыс ұйымдастырып, олардың денсаулығын нығайту, шығармашылығын дамыту және жағымды эмоциялық орта қалыптастыру.

Ашылу салтанаты аясында балалар қонақтарға лагерь аумағын таныстырып, ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін көрсетті. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жазғы маусымның жарқын басталуына себеп болды.