Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы  басталды

2025жылғы15-30маусымаралығында облыстың Катонқарағай, ҮлкенНарын және Шемонаиха аудандарында жыл сайынғы «Қонақжай отбасы» әлеуметтік-білім беру жобасы басталды.

Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан жобаға қатысушыларды «Ақниет» мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестер берілді.

Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға және достық атмосфераны құруға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Жобаның алғашқы күндеріндегі есте қаларлық оқиғаға айналған жарқын флешмоб қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Бағдарламада тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізу түрлері ұйымдастырылды.

Волонтерлердің жұмысы жобаға қатысушылар болатын ауылдық елді мекендерде жалғасады. Волонтерлер бағдарламаны тиімді іске асыруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсететін болады. Іс-шара барысында білім басқармасы бастығының орынбасары А.Д. Ахмадиева жобаға қатысушыларды маңызды кезеңнің басталуымен құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті.