Шығыс Қазақстандағы мектеп жанындағы тілдік лагерлер

Шығыс Қазақстандағы мектеп жанындағы тілдік лагерлер

ШҚО білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №1/11 тапсырмалары бойынша оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыру бағытындағы хаттамалық шешімді орындау мақсатында іс-шаралар жоспары шеңберінде 4822 баланы қамти отырып, ағымдағы жылдың 9-20 маусым аралығында облыстың барлық білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы тілдік лагерьлер ұйымдастырылды.

Мектеп жанындағы тілдік лагерьлер бір топта 12 балаға дейін 4 - 5 сынып оқушылары үшін қарастырылған.

155 білім беру мектептерінде балаларды қазақ тілі ортаға бейімдеуде 2215 оқушы, орыс тілі ортаға бейімдеуде 164 мектептен 2142 оқушы, ағылшын тілді ортасына бейімдеуде 24 мектеп-лицей/гимназиядан 347 оқушыны қамтыған шаралар ұйымдастырылды.

Облыс бойынша 344 білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы лагерьлер жұмысы жүргізіліп жатыр.