Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында жалпы 3 мың оқушы орнына арналған 7 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған.
Бүгінгі таңда Шемонаиха, Риддер, Өскемен қалаларында және Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінде 5 мектеп пайдалануға берілді.
Оның ішінде Шемонаиха ауданындағы ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ және Риддер қалалық білім бөлімінің «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынды. Бұл жаңа мектептерде білім беру 2025 жылғы 1 сәуірден басталды.
Өскемен қаласындағы «№31 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «№40 жалпы білім беретін мектебі» КММ және Глубокое ауданындағы «№2 Белоусовка жалпы білім беретін мектебі» КММ-де білім беру қызметіне лицензия алу үшін қажетті құжаттар әзірленіп, тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар облыста тағы екі мектептің құрылысы жалғасуда:
* Глубокое ауданы, Опытное поле ауылында – «№2 Опытное поле жалпы білім беретін мектебі» КММ;
* Өскемен қаласындағы Есенберлин көшесінде – «№41 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
«Келешек мектебі» ұлттық жобасы – заман талабына сай, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл жоба өңірдегі білім сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.