ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы және ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесе отырып, 2025 жылдың 2-3 маусым күндері Катонқарағай ауданында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинарын өткізді.
Іс-шараның екінші бөлімі 2025 жылғы 3 маусым күні Өрел және Жамбыл орта мектептерінде, табиғат аясында ерекше форматта, жоғары деңгейде, өткізілді.
Семинар аясында шеберлік сыныптар мен шығармашылық іс-шаралар табиғат аясында кітап оқумен байланыстырылды. Қатысушылар тек тың идеялармен танысып қана қоймай, табиғатпен үндестік тапқан кітап оқу мәдениетінің ерекше атмосферасын сезінді. Мектеп оқушылары өздерінің оқырмандық жобаларын қорғап, кітапқа деген махаббатын шығармашылық жолмен жеткізе білді. Іс-шара соңында кері байланыс берілді. Қатысушылар жаңа білім ала отырып, ерекше шабытпен тәжірибе бөлісті. Семинар соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ыстық ықылас пен алғысқа бөленді.
Келген қонақтарға жазушының туған өлкесінен, осы керемет іс-шарадан естелік ретінде Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» кітабы сыйланды.