Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен дәстүрлі «Жұлдызай» облыстық фестивалі өтті

Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен дәстүрлі «Жұлдызай» облыстық фестивалі өтті

Фестивальдің мақсаты- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ Қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыру.

Бұл әрбір баланың физикалық немесе психикалық ерекшеліктеріне қарамастан өзінің талантын, өзіне деген сенімділігін көрсете алатын және айналасындағылардың қолдауын сезінетін маңызды жоба. Фестиваль қоғамдағы теңдік, құрмет және толеранттылық принциптерін нығайтуға ықпал етеді, әркімнің  дауысының маңызды  және шешуші екенін айқындайды.

Фестиваль «вокал», «хореография», «аспаптық орындау», «әнді ыммен орындау» номинациялары бойынша өтті.

Конкурстың облыстық кезеңі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Кіші топтар арасында «Вокал» номинациясы:

І орын - Қанатұлы Парасат, Марқакөл ауданы білім  бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ  оқушысы;

ІІ орын - «Улыбка» троисы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 26 орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Мышеловская Светлана Игоревна, ШҚО ББ «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы.

Үлкен топтар арасында «Вокал» номинациясы:

І орын – Крекова Виктория, ШҚО ББ «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы.

ІІ орын - Тохтарханов Айбол, Марқакөл ауданы білім бөлімінің «№1 Марқакөл  орта мектебі» КММ  оқушысы;

ІІІ орын - Жеңісбеков Марғұлан Қанатұлы, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ оқушысы.

Кіші топтар арасында «Хореография» номинациясы:

І орын - «Каприз» би тобы, ШҚО ББ « №7 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

ІІ орын – Сулейменова Милана Айбекқызы, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Октябрь жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ оқушысы;

 ІІІ орын -  ШҚО ББ «Арнайы мектеп» КММ «Жаңа толқын» тобы, ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ «Капельки» би тобы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ оқушысы Женисова Адия Ерболкызы лайықты болды.

Үлкен топтар арасында «Хореография» номинациясы:

І орын - «Каприз» би тобы, ШҚО ББ « №7 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

ІІ орынды -  Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ оқушылары Джолдынбаева Аружан Жанатқызы, Құралқызы Наргиз иеленді;

ІІІ орын  - «Тамшылар» би тобы, ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ.

Кіші топтар арасында «Аспаптық орындау» номинациясы:

1 орын -жоқ; 2-орын – Мусин Алдияр Болатұлы, Шемонайха ауданы бойынша білім бөлімінің«Өнер мектебі» КМҚК оқушысы, 3 орын -жоқ.

Үлкен топтар арасында «Аспаптық орындау» номинациясы:

І орын - Баатарбек Аружан Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ оқушысы;

ІІ орын -Құмарқанұлы Оразай Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің, «Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ оқушысы;

ІІ орынға – ШҚО ББ «Арнайы мектеп» КММ оқушылары Гудковский Кирилл Андреевич, Колесников Антон Сергеевич дуеті, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ оқушысы Асқарова Саянат, Өскемен қаласының «№1 балалар өнер мектебі» КМҚК оқушысы  Малендор Родион лайықты деп танылды.

Кіші топтар арасында «Әнді ыммен орындау» номинациясы:

І орын –жоқ; 2 орын – ШҚО ББ «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы Савельев Вадим Викторович.

Үлкен топтар арасында «Әнді ыммен орындау» номинациясы:

І орынды ШҚО ББ «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы Кузьмина Виктория Викторовна иеленді;

ІІ орынды  ШҚО ББ «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы  Карпачева Софья Александровна иеленді.

1, 2 және 3 орынды иеленген жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, ал жүлдегерлерді дайындаған білім беру ұйымдарына олардың еңбегі мен қолдауы үшін ақшалай сертификаттар табысталды. Фестивальге белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Облыстық фестиваль қорытындысы бойынша номинациялар бойынша жүлделі бірінші орын алған қатысушылар республикалық кезеңге жолданды.  Республикалық кезеңнің жеңімпаздары 1 маусымда Астанада өтетін фестивальдің гала-концертіне қатысады.