
2025 жылғы 2 маусымда дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған жаңа мекеменің ресми ашылуы өтті.
👦👧 Кабинет 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу және ата-аналарға кеңес беру қызметін көрсетеді.
🏛 Мекеме ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі №343-II Заңы және ШҚО әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №327 қаулысы негізінде, «Парыз» қорының қолдауымен ашылды.
📌 Жоба қуаттылығы – 82 бала.
👩🏫 Қызмет көрсететін кабинеттер:
– Монтессори,
– логопед,
– дефектолог,
– психолог,
– сенсорлық бөлме,
– ЛФК және ритмика залдары,
– СБО және басқа да кабинеттер.
♿ Ғимарат ерекше қажеттілігі бар балалар үшін толық бейімделген: пандустар, тактильді белгілер, кең есіктер, санитарлық бөлмелерде тұтқалар қарастырылған.
👨👩👧👦 Балалармен кәсіби мамандар – логопед, дефектолог, психолог, Монтессори педагогы, ЛФК және ритмика мұғалімдері, СБО мұғалімі, тәрбиеші жұмыс істейді.