«Онлайн несие: қарсы немесе қолдаймын» облыстық пікірсайыс турнирі

«Онлайн несие: қарсы немесе қолдаймын» облыстық пікірсайыс турнирі

2025 жылғы 27 мамырда  «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Онлайн несие: қарсы немесе қолдаймын» облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Мақсаты - экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдіретін дарынды студенттерді анықтау және қолдау, сондай-ақ жастардың зияткерлік бос уақытын тиімді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру және жастар арасында «дебат» білім беру технологиясын дамыту.

Турнирге 6 колледжден 10 команда құрамында 30 студент қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте жеңімпаздар  І, ІІ және  ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

І орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;

ІІ орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі;

ІІІ орын – С.Аманжолов атындағы ШҚУ КЕАҚ Жоғары колледжі.  

Номинациялар бойынша:

«Үздік дебют» Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі командасы;  

«Үздік стиль» Өскемен экономика және техника колледжі командасы; 

«Үздік фрейм жасаушы» Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі  командасы марапатталды. 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!