Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту орыс тілінде Т2) қауымдастығының отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту орыс тілінде Т2) қауымдастығының отырысы

2025 жылдың 29 мамыр күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (Т2) қауымдастығының кезекті отырысын өткізді.  

Отырыстың мақсаты – 5-8, 10 сыныптарда аралық аттестаттауға дайындық және өткізу жұмыстары, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, оқытудағы белсенді әдіс - тәсілдерді қолдану, көркем фильмдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру бағытында тәжірибе алмасу.

Отырыста Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Тоқымтаева Айнагүл Нурмухамбетовна «Білім алушыларға «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен» 5-8, 10 сыныптарда емтихан өткізу тәртібі»;

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ, Дюсупова Еркежан Касымкановна «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарында тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту»;

Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 орта мектебі» КММ, Кайдарова Назым Максатовна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында белсенді әдіс - тәсілдерді қолдану»;

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ, Бакижанова Гульназ Бауржановна «Сабақ барысында көркем фильмдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру және оқыту сапасын жақсарту жолдары» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 5-8, 10 сыныптарда емтихан өткізу тәртібі, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, оқытудағы белсенді әдіс - тәсілдерді қолдану, көркем фильмдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру жайлы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынды.

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қоғамдық-гуманитарлық пәндер бөлімінің әдіскері Айгуль Жанахметовна Билялова «5-8,10 сынып білім алушыларын аралық аттестаттау бойынша Әдістемелік ұсынымдағы өзгертулермен таныстырып, әдістемелік қолдау жасады.