ШҚО-ның 25 нысаналы мектебінде біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін оқыту басталды

ШҚО-ның 25 нысаналы мектебінде біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін оқыту басталды

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 25 нысаналы мектептердің педагогтеріне біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін оқыту басталды.

2025 жылдың 26 – 30 мамыр және 02 – 16 маусым аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының базасында 195 педагог, оның ішінде бастауыш сынып, қазақ тілінде оқытатын химия пәні, орыс тілінде оқытатын биология мен информатика пәні мұғалімдерін оқыту басталды.

Курстың барысы педагогтердің кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіруге, оқу-әдістемелерін жаңартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған. 

Қалған негізгі пәндердің 375 педагогі біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін 2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында өтеді.