«Алтайдан Оралға дейін» Республикалық велошеруі

«Алтайдан Оралға дейін» Республикалық велошеруі

2025 жылғы 26 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған "Алтайдан Оралға дейін" республикалық велошеруіңің ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның ашылуына Тәуелсіздік монументінің алаңында 300-ден астам қала жастары қатысты, олар арнайы дайындалған "Жаңа көкжиектерге қарай алға!", Шеберлік – әр мамандықта! Әр жұмыста құрмет!", "Велошеру – денсаулық пен табысқа апаратын жол!" және т.б.плакаттар мен лозунгтар арқылы өз қолдауларын білдірді.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Жанна Әмірбекқызы Абдуалиева құттықтау сөз сөйледі. Ол жарыстың мәні мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар,Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Можанов Асқар Байжігітұлы жарысқа қатысудың өзге құндылықтары мен маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл іс-шара жастардың кәсіби шеберлігі мен спортқа деген құлшынысын ұштастыра отырып, олардың денсаулығы мен табандылығын арттыруға бағытталған. Велоспорт – тек физикалық шыңдалу емес, жаңа таныстықтар мен өзін сынаудың тамаша мүмкіндігі.

Өскеменде бастау алған велошеруге Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Астана, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысып, жарыс соңына дейін осы бағыт бойынша сынға түседі.

Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы аялдама Ұлан ауданының Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінде болды. Мұнда велошабандоздарды студенттер, педагогтар және ауыл тұрғындары қарсы алып, колледждің өндірістік базасына экскурсия ұйымдастырды. Қатысушылар ауыл шаруашылығы техникасымен танысып, білім мекемесінің мүмкіндіктеріне көз жеткізді.

Биылғы жыл еңбек адамдарына – күн сайын біздің әлемді өз қолдарымен құрып, жасайтын, жөндейтін және дамытатын жандарға  арналған! Бұл велошеру қажырлы еңбекпен келетін жеңістердің символы болып табылады.

Велошеруді  Облыстың білім беру мекемелерінің қатысуымен, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен ҚР Білім министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шараны қолдаған және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге үлес қосқан барша жанға алғысымызды білдіреміз!

Велошабандоздарға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!