Болашақ ветеринар мамандары арасындағы республикалық «VetPro» байқауы өз мәресіне жетті

Болашақ ветеринар мамандары арасындағы республикалық  «VetPro» байқауы өз мәресіне жетті

Бүгін Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ауылшаруашылық (ветеринария) бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында «VetPro» кәсіби шеберлік республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Тәжірибелік сайысқа еліміздің сегіз өңірінен: Жамбыл, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан дарынды студенттер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Сәрсенбек Думан - Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті;

2 орын – Лихобабина Вероника  - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің студенті;

3 орын – Онгарбаев Адиль - Абай көпсалалы колледжінің студенті (Қарағанды облысы).

«Үздік маман» арнайы сертификаттарымен марапатталғандар:

  • Берикбек Хайрм – «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі студенті (Павлодар облысы);
  • Қуаныш Нұргелді – Шәкәрім жоғары колледж студенті (Абай облысы).

Қатысқаны үшін сертификат иегерлері:

Қожамұрат Қабыл – Қапланбек  жоғары аграрлық-техникалық колледжі студенті (Түркістан облысы);

Манников Даулет – Евразиялық агро-техникалық колледжі студенті (Алматы қаласы);

Өсер Едіге – Тараз инновациялық көпсалалы колледжі студенті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кәсіби шеберліктері, нық білімдері мен дамуға деген ұмтылысы үшін Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«VetPro» байқауы кәсіби шеберлікті көрсету алаңына ғана емес, ветеринария саласындағы білікті және ісіне адал мамандарды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.