«Киелі Шығыс» жобасы туралы

«Киелі Шығыс» жобасы туралы

Жазғы каникул кезеңінде облыс аумағында ШҚО білім басқармасы «КИЕЛІ ШЫҒЫС» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаға ШҚО-ның жалпы білім беретін мектептерінің 7–8 сынып оқушылары қатысады.

Жоба екі кезеңде өткізіледі:

1-кезең – «Қасиетті Шығыс» интеллектуалдық конкурсы.

2-кезең – ШҚО бойынша оқу-танымдық турлар.

Бірінші кезең 2025 жылғы 2 сәуірде онлайн платформада барлық аудан мен қала мектептерінде өтті. Конкурсқа 7–8 сыныптардың 6 144 оқушысы қатысты.

Қатысушылар өңірлік компоненттерге байланысты «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндерінен тест тапсырмаларын орындады.

Конкурстың жеңімпаздары – 200 оқушы – 2025 жылғы маусым айында 4 бағыт бойынша оқу-танымдық турларға қатысады: Берел (Катонқарағай ауданы), Қиын-Керіш (Күршім ауданы), Таулы Үлбі – Риддер қаласы, Сібе көлдері – Марин  жартасы.

Оқу-танымдық турлар бағдарламасына экскурсиялар, шеберлік сабақтары және туризм негіздері бойынша оқу-практикалық сабақтар енгізілген. Сондай-ақ туған өлкенің дәстүрлері, мәдениеті мен мұрасын зерттеу көзделген.

Оқушыларға ұйымдастырушылар, гид-экскурсия жүргізушілер, туризм бойынша кәсіби жаттықтырушылар, мұғалімдер, медицина және полиция қызметкерлері ілесіп жүреді.

Балалар үшін Шығыс Қазақстанның мұражайларын, қорықтарын, мәдени-тарихи ескерткіштерін, киелі орындарын, табиғи ұлттық парктерін көруге – бірегей мүмкіндік болады.