Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
03 апреля 2026
«Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

«Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы 2025 жылғы 3 сәуірде «Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияға ШҚО мектепке дейінгі мекемелерінің, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.

Конференцияның ашылуында  ӨПҚО директорының м.а Куземко Л.П. сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияға қонақ және сарапшы ретінде Өскемен қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Пак В.С. шақырылды.

Пленарлық отырыста Қазақстан-Американдық еркін университеті «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Институционалдық зерттеулер орталығының директоры, педагог-психолог-практик Фёдорова И. А., Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің №10 орта мектебінің педагог-психологы  Ковшова К.В., Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайының педагог-психологы Бекбаева Д.Д., ӨПҚО директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Тулькубаева Д.А. баяндама жасады.

Пленарлық отырыс «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау және құттықтаумен аяқталды.

Конференция жұмысы 3 секцияда жалғастырылды.

Педагог-психологтар келесі бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті: білім беруді цифрландырудың оқушылардың психикалық денсаулығы үшін жаңа мүмкіндіктері мен тәуекелдері, педагог-психолог жұмысындағы арт-терапия және ертегі терапия, жасөспірімдердегі мазасыздықпен және стресспен жұмыс, педагогтар мен психологтардың эмоционалдық күйзелісінің алдын алу, топтық жұмыс әдістері: бірігу және коммуникация тренингтері.

Конференцияның қорытындысы бойынша әр секцияда жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталады:

1 секция

І дәрежелі диплом - Коновалова О.П., ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.А.Островский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ педагог-психологы

І дәрежелі диплом - Шалтаева М.Н., ШҚО ББ “Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі" КММ педагог-психологы

ІІ дәрежелі диплом – Овчеренко В.С., ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің "№1 Самар орта мектебі" КММ педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом - Степаненко О.О., Кокенова В.Б., ШҚО білім басқармасының "Өскемен жоғары политехникалық колледжі"  КМҚК педагог-психологтары

 2 секция

І дәрежелі диплом Ихабатова Г.М., ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ педагог-психологы

ІІ дәрежелі дипломМухаметкалиева Ш.Б., ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы КМҚК педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом - Куекбаева Г.С., ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жарсу орта мектебі» КММ педагог-психологы

3 секция

І дәрежелі диплом - Асаубаева Б. Н.,  ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің  «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІ дәрежелі диплом - Нигметова Л. Б., ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қабыкен Жарылғасынов атындағы Жаңалық орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом -  Абилгазина А.А., ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса- Балғын» бөбекжайы» КМҚК педагог-психологы.

 

Білім беруді цифрландыру
01 апреля 2026
Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі брифинг

2026 жылдың 1 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі брифинг өтті.

ШҚО-да білім беру инфрақұрылымын дамыту және оқушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Өңірде апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

2025 жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3 мың орындық 7 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар Зайсан қаласы мен Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа білім беру нысандары ашылды. Оффтейк-келісімшарттар шеңберінде 280 орындық 5 мектептің құрылысы аяқталды.

Қазіргі уақытта облыста 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 6-уы оффтейк-келісімшарттар аясында іске асырылуда. Сондай-ақ Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС қолдауымен 600 орындық жаңа мектеп салынуда.

Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылуда. 2025 жылы 30 мектепке 40 пәндік кабинет орнатылып, 50 мектеп жаңғыртылды. Сонымен қатар 133 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларды тасымалдау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде 4 807 оқушы 112 елді мекеннен мектепке жеткізіледі. Бұл мақсатта 126 мектеп автобусы жұмыс істейді. Алдағы уақытта автопаркті жаңарту жоспарлануда.

Білім беру ұйымдары цифрлық және қауіпсіздік инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Барлық мектептер интерактивті панельдермен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

Спорт инфрақұрылымын дамыту да оң нәтижелер көрсетуде. Спорт залдары жоқ мектептер саны жыл сайын азайып келеді, ал мектептердің 90%-ы спорттық жабдықтармен қамтылған.

2026 жылы 7 мектептің құрылысын аяқтау, 50 мектепті жаңғырту, 35 пәндік кабинетті жаңарту және 42 білім беру нысанында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Жалпы, қабылданып жатқан шаралар өңірдегі білім беру сапасын арттыруға және балалар үшін қауіпсіз әрі заманауи оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған.

01 апреля 2026
1-сыныпқа қабылдау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен білім беру ұйымдарының 1-сыныбына балаларды қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілуде.
Биыл 1-сыныпқа қабылдау еліміздің өңірлерінде кезең-кезеңімен, 27 мамырдан бастап жүзеге асырылады. Мұндай шешім egov.kz электрондық үкімет порталына түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысында 1-сыныпқа қабылдау 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (егу паспорты);
3) №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
4) 3х4 см өлшеміндегі фотосурет (2 дана).
Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

27 марта 2026
«Мектепішілік бақылаудың бағыттары және оларды іске асыру тетіктері»

2026 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken»  білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул мектебінің жоспарына сәйкес «Мектепішілік бақылаудың бағыттары және оларды іске асыру тетіктері» тақырыбында жалпы білім беретін ұйымдарының директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған практикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын айқындау, сондай-ақ оларды тиімді іске асыру тетіктерін талдау негізінде білім беру үдерісінің сапасын арттыру болып табылады. Сонымен қатар педагогикалық қызметтің нәтижелілігін қамтамасыз ету және мектепішілік басқару жүйесін жетілдіру жолдарын негіздеуге ерекше назар аударылды.

Қатысушылар мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәжірибелерін ұсынып, өздерінің кәсіби қызмет нәтижелерімен бөлісті және тиімді басқарушылық шешімдерді айқындады.

Семинар қорытындысында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар ұсынылған материалдардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, басқарушылық және педагогикалық практикада одан әрі қолдануға бағытталған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

 

27 марта 2026
«Әдістемелік жұмыс: тәжірибе, инновациялар және перспективалар»

 

2026 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken»  білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникул мектебінің жоспарына сәйкес «Әдістемелік жұмыс: тәжірибе, инновациялар және перспективалар» тақырыбында тәжірибе алмасу форматында практикалық семинар өткізді. Семинарға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату, сондай-ақ білім беру мазмұнының жаңартылуы жағдайында оны жетілдірудің өзекті бағыттарын талқылау болды.

Семинар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін өңірлік әдістемелік қолдау жүйесі арқылы дамыту мәселелері қарастырылды. Ерекше назар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы №253 «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын іске асыруға, сондай-ақ білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған қолданыстағы бағдарламалар, жобалар  талдауға аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет басшыларына әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіруге, педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін дамытуға және жалпы білім сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдарды қамтитын резолюция ұсынылды.

 

27 марта 2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің моделі және мамандар тәжірибесі»

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өткізілді.                                                      Семинарға Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасынан қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы Райсканова Риза Милатовна және арнайы, инклюзивті білім беру мен интернаттық ұйымдардың әдістемелік бөлімінің әдіскері Беккалиева Гаухар Еркиновна қатысты.

Семинар барысында инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, өңірлік тәжірибелер мен тиімді модельдер талқыланды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдауға бағытталған дайындалып жатқан заң жобасының негізгі бағыттары қарастырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсетудің практикалық аспектілерін талқылады.

Аталған іс-шарада Беккалиева Гаухар Еркиновна баяндама жасап, өңірдегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдаудың кешенді моделі мен даму бағыттарымен таныстырды.

Семинар аясында кейс-сессиялар, шеберлік сағаттары және білім беру ұйымдарының тәжірибесімен танысу ұйымдастырылып, инклюзивті білім беруді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

27 марта 2026
«Оқушылардың білім сапасын арттыруда формативті бағалау әдістерін қолдану жолдары» облыстық семинар-практикум қорытындысы

2026 жылғы 27 наурызда ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың білім сапасын арттыруда формативті бағалау әдістерін қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар жұмысына Күршім мен Самар аудандарының жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні  мұғалімдері мен жауапты  әдіскерлер қатысты.

ШҚО ББ «Örken» өңірлік ғылыми-әдістемелік білім беруді ақпараттандыру және дамыту орталығының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағыты бойынша                               әдіскері Ж. С. Махмутова ағылшын тілін оқытудың өзекті тенденцияларына шолу жасап, жұмыс мазмұнымен таныстырды.

Практикалық бөлім аясында ағылшын тілі мұғалімдері:

  • Күршім ауданы «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ мұғалімі Жұмаканова М. К. «Ағылшын тілі сабақтарында тиімді кері байланыс жасау жолдары»;
  • Күршім ауданы «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ мұғалімдері Хаметова А. Қ. «Ағылшын тілі сабақтарында платформаларды пайдалану арқылы формативті бағалау»;
  • Қабанбаева Г. К. «2DS әдісі арқылы оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту»;
  • Мұхамжарова Ж. Т. «Оқушыларды бағалаудың тиімділігі: заманауи әдістер»;
  • Күршім ауданы «№3 Күршім гимназиясы» КММ мұғалімі Токпаева А. К. «Сабақты зерттеу – сыныптағы сабақты жақсартудың тиімді тәсілі»;
  • Самар ауданы «Сарыбел орта мектебі» КММ мұғалімі Бектасынова Г. Ж. «Формативті бағалау тәжірибеде: тиімді оқу нәтижелеріне арналған құралдар мен тәсілдер»;
  • Самар ауданы «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Раева Д. Ж «Оқу үшін бағалау: оқушылардың оқу жетістігін қолдау стратегиялары» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.

Сабақтың әр кезеңінде жасанды интеллектіні қолдану, ағылшын тілін оқытудың заманауи құралдары және оқушыларды ынталандырудың тиімді әдістері ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша талқылау жүргізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды.

                                                                                                      

27 марта 2026
«Білім берудегі шахмат» республикалық жобасы аясындағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру тренингі

       ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстандық Шахмат Федерациясымен бірлесе отырып, «Білім берудегі шахмат» республикалық жобасы аясында ағымдағы жылдың  26-27 наурызда  «Шахмат негіздері» вариатив курсынан  сабақ беретін 2-сынып мұғалімдеріне арналған тренинг  өткізді.

       Семинар-тренингке «Шахмат негіздері» вариативті курсынан  дәріс беретін 2-сынып мұғалімдері қатысты.

       Шараның басты мақсаты — ұстаздардың зияткерлік ойын саласындағы шеберлігін шыңдап, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.

      Қатысушылар шахмат тактикасы мен стратегиясын тереңдетіп оқып, ойын барысындағы қиын элементтерді талдауда. Мұғалімдер 2-сынып оқушыларына шахмат әліппесін қызықты әрі қолжетімді тілмен түсіндірудің педагогикалық тәсілдерімен бөлісуде.

      Тренингке қалалық, аудандық мектептерден барлығы   45 мұғалім қатысты.

 

27 марта 2026
Шығыс Қазақстан ұстаздары «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасында топ жарды

26-27 наурыз күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы өтті. Білім додасына Шығыс Қазақстан облысынан 8 педагог қатысып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.

           Олимпиада қорытындысы бойынша облысмұғалімдері келесідей жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

I орын: Пруткова Светлана Борисовна – Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Первомай орта мектебі» КММ.

III орын: Прудковская Кристина Аркадьевна – Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің  «Опытное поле орта мектебі» КММ.

III орын: Омарова Марияш Сейтеновна – Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің  «Опытное поле орта мектебі» КММ.

III орын: Болатова Жазира Сериковна – Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ.

Барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Облыс намысын абыроймен қорғаған ұстаздарға шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз.

27 марта 2026
RoboBastau білім беру жобасы аясындағы робототехника бойынша облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы

RoboBastau білім беру жобасы аясындағы робототехника бойынша облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» аймақтық білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» ЖШС-мен бірлесіп, 2026 жылғы 26 наурызда облыстың 8 мектебі арасында робототехника бойынша өңірлік іріктеу турнирін өткізді. Турнир «Қазцинк» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан RoboBastau білім беру жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың инженерлік-техникалық құзыреттерін дамыту және өңірде робототехниканы насихаттау.

Турнирге келесі мектептердің командалары қатысты: Өскемен қаласы – «№7 орта мектеп» КММ, «З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп» КММ, «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, «№34 мектеп-лицей» КММ, «№11 мектеп-лицей» КММ, «№46 орта мектеп» КММ, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша ББ «О. Бөкей атындағы орта мектеп» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша ББ «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ.

Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, робототехникалық жүйелерді құрастыру және бағдарламалау дағдыларын, сондай-ақ командада жұмыс істеу және инженерлік міндеттерді жедел шешу қабілеттерін көрсетті. Жарыстар оқушылардың алгоритмдік ойлауын және техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған бірқатар тәжірибеге негізделген пәндер бойынша өтті.

Жабылу салтанатында құттықтау сөзімен «Қазцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Лазарев Андрей Павлович сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығын атап өтіп, оның дамуы оқушылардың техникалық дағдылары мен білім деңгейін арттыруға, ғылым мен технологияға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары технологиялар саласында жаңа буын инженерлер мен мамандарды даярлауға ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ құттықтау сөзбен «Роботек» робототехника мектебінің негізін қалаушы әрі директоры Шалқарбеков Санжар Жақсыбекұлы сөз сөйлеп, білім алушыларды инженерлік және робототехникалық бағыттарға ерте жастан тартудың маңыздылығын, сондай-ақ оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру бастамаларын қолдау қажеттігін атап өтті.

Номинациялар бойынша жеңімпаз командалар:

  • «Роботек» номинациясы – I орын Ұлан ауданы бойынша ББ «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ;

II, III орын «№46 орта мектеп» КММ;

  • «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы – І, ІІ орын «№7ортамектеп»КММ;

III орын «№46 орта мектеп» КММ;  

  • «Робот-жеткізуші» номинациясы – I орын «№7ортамектеп»КММ;

ІІ орын Ұлан ауданы бойынша ББ «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ;

ІІІ орын «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ.   

Әр номинация бойынша бірінші орын алған қатысушылар 2026 жылғы 12–13 мамырда өтетін Robotek Grand Tournament Astana халықаралық чемпионатына қатысады.

Турнир қорытындысы бойынша облыста робототехникалық білім берудің дамуында оң динамика байқалады, оқушылардың инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылығы артуда. Осындай іс-шараларды өткізу дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға, олардың практикалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысуға дайындықты күшейтуге ықпал етеді.

 

Социальные сети
Instagram
facebook
ВКонтакте
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты