
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімнің қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өткізеді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, ДББҰ НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамыту институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, кәсіподақ ұйымы, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Барлығы 600 адам қатысады.
Мерекелік шара аясында білім саласының еңбек ардагерлері, үздік педагогтері мен білім бөлімдері ҚР оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық награда-медальдарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрмет, алғыс хаттарымен марапатталады.
Мерекенің арнайы шақырылған құрметті қонақтарына, білім беру саласының ардагерлері мен облыс педагогтеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылады.
Өтетін орны: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 43 «Ертіс концерт» мәдениет орталығы
Өтетін күні мен мерзімі: 5 қазан 2026 жыл, сағат 15.00