Меню
Страницы

Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірігіп 2026 жылғы 16-17 қыркүйек күндері оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді.

Турнирдің мақсаты – білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Іс-шараға еліміздің 20 аймағынан жалпы саны 180 жас пікірсайысшылар қатысады.

Турнир «қазақ лигасы», «орыс лигасы» және «ағылшын лигасы» санаттары бойынша өткізіледі.

Турнирде жүлдегер командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін 2026 жылғы 16-17 қыркүйек күндері Глубокое ауданындағы Таулы Үлбіде орналасқан Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының «Дарын» балалар білім беру-сауықтыру орталығында өтетін іс-шараны ақпараттық тұрғыдан жариялауға және оған қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 75-26-91, +7 705 752 2878 телефон номерлері бойынша хабарласуға болады.

Социальные медиа
facebook
Instagram
ВКонтакте
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты