Алтай станциясының жаңартылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті

Алтай станциясының жаңартылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті

Алтай станциясының жаңартылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті

Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Алтай ауданында жаңартылған Алтай станциясының теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге теміржол саласының өкілдері, ардагерлер, аудан тұрғындары және құрметті қонақтар қатысты.

1953 жылы салынған вокзал ғимараты өзінің тарихи сәулеттік келбетін сақтай отырып, кешенді жаңғыртудан өтті. Қайта жаңғырту барысында инженерлік желілер, шатыр, терезелер мен есіктер ауыстырылып, заманауи жылыту, желдету және кондиционерлеу жүйелері орнатылды. Жолаушылар перроны мен оған іргелес аумақ толықтай жаңартылды.

Қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзал мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі өзге де топтары үшін толық бейімделген: пандустар орнатылып, тактильді плиткалар төселді, навигациялық белгілер мен Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар қойылды.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев жаңартылған вокзалдың заманауи, қауіпсіз әрі жайлы нысанға айналғанын және оның аудан тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жылдар бойы қызмет ететінін атап өтті.

Нұрлан Азимханов қайта жаңғырту барысында сенімділікті, энергия тиімділігін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін заманауи инженерлік шешімдер қолданылғанын айтты.

Алтай аудандық мәслихатының төрағасы Л.А. Гречушникова вокзалдың жаңартылуы аудан үшін маңызды оқиға болғанын, ал оның тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай жаңғыртылуы вокзалды қаланың нағыз көрнекті нысандарының біріне айналдырғанын атап өтті.

Теміржол саласының ардагері Нафиса Абдуллина мен Ақсақалдар кеңесінің төрайымы Любовь Тертычная жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, вокзалдың әрдайым қала тарихының маңызды бөлігі болғанын, ал оның жаңартылуы теміржолшылардың бірнеше буыны үшін айтулы оқиғаға айналғанын жеткізді.

Жаңартылған теміржол вокзалының ашылуы Алтай ауданының көлік инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды.