
2026 жылғы 26 сәуірде Чернобыльская АЭС-дағы апатқа 40 жыл толады. Бұл — адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі болып, бүкіл әлемде ядролық қауіпсіздік жүйесінің дамуына түбегейлі әсер етті. Апат салдарынан станцияның төртінші энергоблогы қирап, қоршаған ортаға радиоактивті заттардың ауқымды таралуына әкелді. Оның зардаптары миллиондаған адамдардың тағдырына әсер етіп, бұл қайғылы оқиға тәуекелдерді бағаламаудың қаншалықты ауыр салдарға әкелетінінің айқын көрінісіне айналды. Бұл тарихта апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың орны ерекше. Олар өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан, апаттың салдарын еңсеруге бар күш-жігерін жұмсады. Олардың ерлігі, жанқиярлығы мен борышқа адалдығы әрдайым шынайы қаһармандықтың үлгісі болып қала береді. Осы атаулы күн қарсаңында Средигорное ауылдық округінің әкімі Мамырханов А.Н. Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар — Клиновицкий Ю.И. мен Соков А.А.-ға медальдар табыстап, олардың ерлігі мен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.