
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР
Қоғамдық жұмыстар жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша еңбек ұтқырлығы орталығымен (мансап орталығы) ұйымдастырылатын еңбек қызметінің түрі және келесі ерекшеліктері бар:
1) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттілігі бар (мысалы, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және когалдандыру, ағымдағы және мұрағаттық құжаттармен жұмысқа көмек, курьерлік жұмыс және т.б.);
2) арнайы білімі жоқ тұлғаларға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі;
3) жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының оқудан бос уақытында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғалардың айлық жалақысын субсидиялау ең төменгі жалақыдан (85000 теңге) төмен емес.
Субсидиялау мерзімі: 12 айдан аспайды.
Тәртібі:
Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасында "жеке кабинет" арқылы мансап орталығына өтінім береді.
Өтінім мақұлданғаннан кейін еңбек ұтқырлығы орталығымен электрондық еңбек биржасында Шартқа қол қойылады.
Мансап орталығымен жұмыссызға қоғамдық жұмыстарға жолдама беріледі.
Жұмыс беруші мансап орталығы жолдаған жұмыссызды жұмысқа қабылдайды және еңбек шартын жасайды.
Жалақыны ай сайын жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде Еңбек мобильділігі орталығы ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
КӘСІБИ ОҚЫТУ
Жұмыссыздарды білім беру мекемелерінде кәсіби оқыту олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің өтініші бойынша ұйымдастырылады.
Колледждер немесе оқу орталықтары арқылы оқыту үшін біліктілік пен дағдылар тізбесін мансап орталығы жасайды.
Оқыту ұзақтығы 1 айдан 3 айға дейін.
ЖҚжӘБҮБ «Еңбек мобольділігі орталығы» КММ Мансап орталығы филиалы жұмыссыздармен, білім беру ұйымымен және жұмыс берушімен қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың негізгі шарттарын қарастыратын әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Бағдарламаға қатысушылар келесі мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі:
-оқуды төлеу;
-стипендия (43574 тг);
- медициналық қараудан өтуге материалдық көмек 2 АЕК (8650 тг.)
- оқудың барлық кезеңіне жол жүруге 4 АЕК (17300 тг.), жергілікті емес тұлғаларға 10 АЕК (43250) мөлшерінде ай сайынғы тұруға материалдық көмек.
Оқуды аяқтағаннан кейін:
- жұмыссызға куәлік немесе белгіленген мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі;
- жұмыс беруші жұмыссызды тұрақты жұмыс орнына қабылдауға міндеттенеді.
Сұрақтар бойынша осында хабарласа аласыздар:
Алтай қ., Первомайская көш., 23, кабинет № 14-кабинет
тел.: 8 (72335) 6-25-87, эл.пошта: zir_cz@mail.ru, әлеуметтік желілер: altay_kc23