
Интернационалист- жауынгерлерді еске алу күні қарсаңында Средигорное ауылдық округінің әкімі А. Н.Мамырханов Шірікқайың ауылында тұратын жауынгерлік іс-қимыл ардагері Долбаев Турсумбай Кенжетаевичке барды. Кездесу барысында әкім әскери борышына көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етіп, зор денсаулық, амандық және бейбіт аспан тіледі.