
Амир Бақытбеков небәрі 13 жаста, бірақ ол қазірдің өзінде спорт шеберлігіне кандидат және Шығыс Қазақстан облысының бокс құрамасының мүшесі. Бірнеше жылдық жаттығу барысында жас спортшы елеулі жетістіктерге жетті: екі рет ШҚО чемпионы атанып, үш мәрте Қазақстан чемпионаттарында облыс намысын қорғады, олардың бірінде күміс жүлдеге ие болды.
Жуырда жас боксшы Балқаш қаласында өткен, белгілі бапкерлер Александр Апачинский мен Владимир Тулуповты еске алуға арналған республикалық турнирде жеңіске жетті. Жарыс алдында Амир «Казцинк» компаниясының қолдауымен Түркістан облысында екі апталық қарқынды оқу-жаттығу жиындарынан өтті.
Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен қалалық және облыстық іріктеуден өткен шамамен 200 спортшы қатысты. Тартысты бәсекеде ол 70 кг салмақ дәрежесінде құрметті бірінші орынды иеленді.
— Төреші қолымды көтерген сәтте өз мектебім мен туған қалам Серебрянск үшін мақтаныш сезімін бастан кештім, — деді Амир. — Барлық жаттығулар мен жиындар зая кетпегеніне қуаныштымын. Бапкерім мен ата-анамның сенімін ақтай алғаныма ризамын. Болашақта халықаралық деңгейге шығып, қаламызды Қазақстаннан тыс жерлерге танытуды армандаймын.