2026 жылғы 7 ақпанда Алтай қаласында мотокросс және спидвей бойынша жарыстар өтті.

2026 жылғы 7 ақпанда Алтай қаласында мотокросс және спидвей бойынша жарыстар өтті.

2026 жылғы 7 ақпанда Алтай қаласында мотокросс және спидвей бойынша жарыстар өтті. Іс-шара «Металлург» стадионында ұйымдастырылып, мотоспортты дамытуға қызығушылық танытқан қатысушылар мен көрермендерді жинады.

Спидвей жарысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Стребков Алексей Викторович (Риддер қ.),
2-орын — Чурсин Александр Владимирович,
3-орын — Дерикаптан Сергей Николаевич.

Айта кету керек, Алтай қаласында аталған жарыстар соңғы рет 1992 жылы өткізілген болатын. 34 жылдан кейін бұл іс-шара қайта ұйымдастырылып, «Металлург» стадионының мұз айдынында мотоцикл қозғалтқыштарының үні қайта жаңғырды.

Іс-шараның демеушісі — «Қазмырыш» компаниясы.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен көрермендерге қолдау көрсетіп, белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.