
Дронрейсинг және авиамоделдеу бағыттары бойынша өткен өңірлік іріктеу қорытындысында Алтай қаласындағы №7 орта мектеп КММ оқушылары теориялық және практикалық дайындықтарының жоғары деңгейін, техникалық сауаттылығын және заманауи технологияларды сенімді меңгергенін көрсете отырып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Цыгановский Егор Евгеньевич — I орын;
🥇 Антонова Ангелина — I орын;
🥇 Макаров Кирилл — I орын;
🥈 Пашкина Екатерина — II орын.
Облыстық кезеңдегі табысты өнер көрсету қатысушыларға байқаудың финалдық кезеңіне жолдама берді. Финал Астана қаласында, Astana IT University базасында өтеді. Алда — шешуші кезең, онда құнды сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар сарапқа салынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Финалда сәттілік, батыл идеялар мен жоғары нәтижелер тілейміз! 🚀