2025 жылдың 4 сәуірінде Серебрянск қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аумақты абаттандыру және тазарту мақсатында сенбілік өтті. Шараға қаланың көптеген мекемелері мен ұйымдары қатысты.
«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған Қазақстандағы жалпыұлттық экологиялық бастама. Акция аясында аумақтарды тазарту, көгалдандыру, ластану деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жүргізіліп және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырады.