2025 жылғы 18 қыркүйекте Серебрянск қаласында «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызының келуіне арналған іс-шара өтті.

Жергілікті тұрғындар денсаулық пойызын асыға күтіп, Күмістау станциясында мамандарды жылы қарсы алды. Мерекелік көңіл-күйді жергілікті өнерпаздардың өнер көрсетуі толықтырып, көрермендерге қуаныш пен жақсы көңіл сыйлады.
Бұл әлеуметтік жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – білікті мамандардың қызметі шектеулі шалғай ауылдар мен елді мекендердің тұрғындарына тегін медициналық, құқықтық және медиативтік көмек көрсету.
18–19 қыркүйек күндері барлық тұрғындар жоғары білікті мамандардың тегін консультациясын ала алады.
Мамандардың қабылдау уақыты – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс – 13:00–14:00.