2025 жылдың 2 қыркүйегінде «Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ-де «Жас сақшы» сыныбының ашылуы өтті. Бұл шараның білім беру жүйесі мен өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы ерекше.Сыныптың құрылуы жастардың бойында патриоттық құндылықтарды, азаматтық жауапкершілік сезімін, тәртіп пен белсенді өмірлік ұстанымды дамытуға бағытталған. «Жас сақшыда» оқушылар Отанымыздың лайықты азаматы болып дамуына және қорғаушысы болуға үлес қосатын білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Салтанатты шараға Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Асқарова қатысып, бұл жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атай отырып, ұстаздар мен ұйымдастырушыларға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді. «Жас сақшы» сыныбы жастарды тәрбиелеудің, достықты нығайтудың және белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды алаңына айналады деп күтілуде.