Серебрянск қаласының кәсіпкерлері Өскемен қаласында өткен «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкеде жеке кәсіпкер Қасенова Айжан дәстүрлі технология бойынша жасалған табиғи шаруашылық сабынын ұсынды.
Жеке кәсіпкер Солтанова Галия өз экожобасының өнімдерін – экологиялық таза егіншілікті дамытуға бағытталған биогумус пен калифорниялық құрт өсіру ісін таныстырды.