2025 жылғы 18 маусымда Серебрянск қаласында 10 ұйымның қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңке аясында жұмыс іздеушілерге түрлі бағыттар бойынша 70-тен астам өзекті бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шара халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, азаматтарды бар бос жұмыс орындары туралы хабардар ету, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей диалог орнату, сондай-ақ қала тұрғындарының белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.