«Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында және Халықаралық экологтар күніне арналған «Таза жағалау» республикалық экомарафонын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, Серебрянск қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы қалалық жағажай аумағын тазарту және көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылды.
Іс-шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуге және халықты табиғатты қорғау іс-шараларына белсенді тартуға бағытталған.
#ТазаЖағалау #TazaQazaqstan #ТазаЖағалау2025