
АӨК саласындағы жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ 2023-2024 жылдары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану бойынша мониторингті жүзеге асыру мақсатында Алтай ауданына жұмыс сапарымен ҚР АШМ және ШҚО АШМ өкілдері келді: ҚР АШМ АӨК қаржылық қолдау департаментінің бас сарапшысы Ш. М. Қаныбек және ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Д. А. Мамиев Екі қаржыландырылған жоба бойынша - "Мойылды Байқоңыр" ЖШС - шығу барысында мал басын тіркеуді және жабдықтарды орнатуды растайтын құжаттарға тексеру жүргізілді, сондай-ақ олардың нақты бар-жоғын салыстыру жүзеге асырылды.