Халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған ЖАДЫНАМА 3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР

Халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған ЖАДЫНАМА   3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР

Халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы
жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған
ЖАДЫНАМА

3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР

Қоғамдық жұмыстар жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша еңбек ұтқырлығы орталығымен (мансап орталығы) ұйымдастырылатын еңбек қызметінің түрі және келесі ерекшеліктері бар:
1) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттілігі бар (мысалы, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және когалдандыру, ағымдағы және мұрағаттық құжаттармен жұмысқа көмек, курьерлік жұмыс және т.б.);
2) арнайы білімі жоқ тұлғаларға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі;
3) жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының оқудан бос уақытында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғалардың айлық жалақысын субсидиялау ең төменгі жалақыдан (85000 теңге) төмен емес.
Субсидиялау мерзімі: 12 айдан аспайды.

Тәртібі:
Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасында "жеке кабинет" арқылы мансап орталығына өтінім береді.
​Өтінім мақұлданғаннан кейін еңбек ұтқырлығы орталығымен электрондық еңбек биржасында Шартқа қол қойылады.
​Мансап орталығымен жұмыссызға қоғамдық жұмыстарға жолдама беріледі.
​Жұмыс беруші мансап орталығы жолдаған жұмыссызды жұмысқа қабылдайды және еңбек шартын жасайды.
​Жалақыны ай сайын жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде Еңбек мобильділігі орталығы ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

Сұрақтар бойынша осында хабарласа аласыздар:
Алтай қ., Первомайская көш., 23, кабинет № 14-кабинет
тел.: 8 (72335) 6-25-87, эл.пошта: zir_cz@mail.ru, әлеуметтік желілер: altay_kc23