
2026 жылғы 22 наурызда "Жыл басы" шарасы өткізілді. "Жыл басы" - табиғаттың жаңаруын, көктемгі күн мен түннің теңелуін, бірлікті және жаңа өмірлік циклдің басталуын бейнелейтін мерекелердің басты күні. Парыгино ауылдық округінің әкімі Төлеков Гани Әлібекұлы Парыгино ауылының барлық тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, бірлік, бейбітшілік, амандық, денсаулық және өркендеу тіледі. Наурыз мейрамының жарқын, мерекелік концерті достық атмосферада ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар, шығыс халқының тәттілері, бауырсақтар ұсынылған мерекелік дастарқан барлық қонақтарды шақырды!!! Ашық отта дайындалған ыстық дәмді палау, қызықты конкурстар, командалар сайысы өткізіліп, сыйлықтар тапсырылды.