
20 желтоқсанда "Мойылды-Байқоңыр" ЖШС инвестициялық жобасы аясында салынған қуаты 1075 жемдік бас сүт-тауар фермасының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице - министрі В.Бердалин, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж. Дайрабаев қатысты.
Аймақ басшысы мен құрметті қонақтарды "ВостокАгроХолдинг" ЖШС директоры Е. Нұрбаев объектімен таныстырды.
Қазіргі заманғы сүт-тауар фермасын салу жобасын "Мойылды-Байқоңыр" ЖШС іске асырды және өңірдегі ірі агроөнеркәсіптік нысандардың бірі болып табылады. Нысанның құрылысы 2024 жылдың сәуірінде басталып, 2025 жылдың қарашасында аяқталды. Жобаның бас мердігері "ВостокАгроХолдинг" ЖШС болды.
Жобаны бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үш траншпен жүзеге асырылды. Қаражат rota Guido заманауи жем-шөп дайындау техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ голштейн тұқымының асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға бағытталды.
Жаңа сүт-тауар фермасы жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіруге есептелген. Нысанды пайдалануға беру сапалы сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Н.Сақтағанов ауылдық аумақтарды дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған осындай инвестициялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалин мемлекет заманауи технологияларды енгізуге, отандық мал шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж. Дайрабаев мұндай жобаларды іске асыру ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.