Алтай ауданының Карьер орталығы

Алтай ауданының Карьер орталығы

Халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы
жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған
ЖАДЫНАМА
4. КҮМІС ЖАС
Күміс жас - 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба.
Ай сайынғы субсидиялау:
бірінші 12 ай қатысу үшін - жалақының мөлшерінен 70%, бірақ 30 АЕК аспайды;
13 айдан бастап 24 айға дейін қатысу үшін жалақының мөлшерінен 65%, бірақ 30 АЕК аспайды;
25 айдан бастап 36 айға дейін қатысу үшін жалақының мөлшерінен 60%, бірақ 30 АЕК аспайды.

Тәртібі:
Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасында "жеке кабинет" арқылы мансап орталығына өтінім береді.
Өтінім мақұлданғаннан кейін еңбек ұтқырлығы орталығымен электрондық еңбек биржасында Шартқа қол қойылады.
Мансап орталығымен жұмыссызға «күміс жас» жобасы бойынша жолдама беріледі.
Жұмыс беруші мансап орталығы жолдаған жұмыссызды жұмысқа қабылдайды және еңбек шартын жасайды.
Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, «күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін жүргізеді. Бұл ретте, жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшерін негізге ала отырып, салықтар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырады.
Жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуді Еңбек мобильділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын жұмыс беруші ұсынған ақпарат негізінде жұмыспен қамтылған адамдардың ағымдағы (карталық) шоттарына қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
Жұмыс беруші «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыз адамды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға міндеттенеді.
Сұрақтар бойынша осында хабарласа аласыздар:
Алтай қ., Первомайская көш., 23, кабинет № 14-кабинет
тел.: 8 (72335) 6-25-87, эл.пошта: zir_cz@mail.ru, әлеуметтік желілер: altay_kc23