
22 наурыз күні Малеев ауылдық округінде «Наурыз мейрамы құтты болсын!» атты көктем мерекесі өтті.
Аудан тұрғындары мерекелік концерттік бағдарлама мен көңілді және спорттық жарыстарды тамашалады.
Жарысқа қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Барлық тұрғындарға тәттілер мен дәмді шай ұсынылды.