изменения в налоговым кодексе

изменения в налоговым кодексе
Қазақстанда көп балалы отбасылардың салық жүктемесі төмендейді
2025 жылдың қаңтарында Қазақстанда көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа норма қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салық заңнамасындағы жаңалықтарға, атап айтқанда ҚР Салық кодексінің 347-бабына сәйкес көп балалы отбасыларға салықтық жеңілдіктер беріледі.
Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі ата-анасының екеуіне де күнтізбелік жыл үшін айқындалған 282 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (1 108 824 теңге) аспайтын мөлшерде, мынадай тәртіптердің бірінде:
1) көп балалы отбасының ата-анасының біріне әр айға 23 еселенген айлық есептік көрсеткіш (90 436 теңге);

2) көп балалы отбасының әрбір ата-анасына әр айға 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (47 184 теңге).
Салық жеңілдіктерін алу үшін көп балалы отбасылар жергілікті салық органдарына немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметіне құжаттарды, салық шегеріміне өтініш беруі керек.