
Аудан әкімдігінде Мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызметшілерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Аудан әкімі Құрманбаев Р.Т. ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қызметтік міндеттерін адал атқарып, өз жұмысына жоғары кәсібилік танытып жүрген мемлекеттік қызметшілерге Алғыс хаттар табыс етті.
Іс-шара барысында аудан әкімі олардың жауапты еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы үшін ризашылығын білдіріп, мемлекеттік саясатты іске асырудағы және халықтың өзекті мәселелерін шешудегі мемлекеттік қызметшілердің маңызды рөлін атап өтті.
Марапат иелерін құттықтай отырып, Құрманбаев Р.Т. оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, қажырлы еңбек, кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыс тіледі.