«Заң және тәртіп балалар көзімен»

«Заң және тәртіп балалар көзімен»

«Заң және тәртіп» акциясын іске асыру аясында Алтай ауданында аудан прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп балалар көзімен» атты челлендж өткізілді. Аталған іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға бағытталды.

Іс-шара барысында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова балалар мен жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалардың азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Алтай ауданының прокуроры Ержан Рыспаев өз сөзінде заңның әрбір азаматтың өміріндегі рөліне тоқталып, оқушыларды құқықтық құндылықтарды шығармашылық әрі танымдық форматта талқылауға тартудың маңызын атап өтті.

Челлендж қорытындысы бойынша І орынды мектеп-лицей, ІІ орынды Ново-Бухтарма орта мектебі, ІІІ орынды №7 орта мектеп иеленді. Мұғалімдер мен оқушылар командалары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.