
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және қоғамда заң мен сот алдындағы барша азаматтардың теңдігі туралы түсінікті қалыптастыру мақсатында Алтай ауданы прокуратурасының бастамасымен 2026 жылғы 4 ақпанда Алтай аудандық сотында Алтай жоғары колледжінің студенттері үшін «Әділ сот тәжірибесі» атты көрсетілімдік сот процесі өткізілді.
Аталған іс-шара жастар арасында құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.
Көрсетілімдік сот процесі барысында студенттерге нақты мысал арқылы сот ісін қарау тәртібі, соттың және сот процесіне қатысушылардың рөлі, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы түсіндірілді.
Алтай ауданы прокуратурасы өскелең ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандардың өздері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше мән береді.