Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Ерекше назар халықтың әл-ауқатын арттыру, адами капиталды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ түрлі салаларда цифрлық және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне аударылды.
Кездесуге келесі тұлғалар қатысты:
•Садырбаев А.С. — ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы,
•Оқасов Қ.Б. — ШҚО білім басқармасының басшысы,
сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Е.Ж. Мемлекет басшысы қойған міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, өңірдің табысты дамуы билік органдары мен азаматтық қоғамның үйлесімді жұмысына байланысты екенін айтты. Ауданның әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді.