Бүгін студенттермен салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған тренинг өткізілді. 💪
Сабақта дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік туралы әңгімелесуден бөлек - біз әрекет еттік! Интерактивті жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы студенттердің өздері маңызды қорытындыға келді:
✔ денсаулық - бұл аурудың болмауы ғана емес;
✔ СӨС қарапайым әдеттерден басталады;
✔ өмір салты - күн сайын біздің саналы таңдауымыз.
🔥 Балалардың энергиясы, қызығушылығы мен белсенділігі осындай практикалық тренингтердің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біз бірге білімді ғана емес, өзімізге қамқорлық жасауға деген ынтаны да арттырдық!