Жеңіс күні қарсаңында аудандық орталық кітапханада айтулы оқиға – Алдияр Әубәкіровтың «Арғы атаға хат. Жеңіс үшін рахмет» кітабының тұсаукесері өтті.

Жеңіс күні қарсаңында аудандық орталық кітапханада айтулы оқиға – Алдияр Әубәкіровтың «Арғы атаға хат. Жеңіс үшін рахмет» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітап Алтай ауданы мектеп оқушыларының Ұлы Отан соғысы майданында ерлік көрсеткен арғы аталарына жазған хаттары.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскарова естеліксіз өмір сүру мүмкін емес, өйткені өткенсіз болашақ жоқ екенін атап өтті. Біздің міндетіміз – жауынгерлердің ерлігін, Отанға деген риясыз сүйіспеншілігін кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бұл акцияға оқушылар белсенді қатысты. Қатысқандардың барлығына және осы жобаға қолдау көрсеткен «Казцинк» ЖШС ерекше алғысымызды білдіреміз.
Кітаптың жазылу барысы туралы автор-құрастырушы Алдияр Әубәкіров және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп сөз сөйледі.
№6 орта мектептің оқушысы Валерия Рубанова өзінің шығармасы туралы толғана әңгімеледі. – Біздің парызымыз – аталарымыздың ерлігін еске алу. Мен өз хатымда арғы атама мақтаныш сезімімді білдіріп, тыныш, бейбіт өмірге, төбеміздегі көк аспанға алғыс айттым.
Соңында автор кітаптарын сыйға тартып, жерлестеріміздің ерлігін есте қалдырғаны үшін кездесуге қатысушылар мен мектеп оқушыларына алғысын білдірді. Тұсаукесер Жеңістің әрқайсымыздың бір бөлшегіміз екенін еске салып қана қоймай, ұрпақтарды біріктіретін мәдени, тарихи оқиғаға айналды.