
Шараның маңыздылығы – нысанның Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және қазақтың ұлы ағартушы, философы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ашылуында.
Нысанның ашылуына жұмыс сапарымен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Мектеп интерактивті тақтамен, ноутбукпен, проектормен, лингафондық құрал-жабдықтармен, шеберхана жабдықтарымен (тігін машинасы, ағаш өңдеу, металл өңдеу станоктары және т.б.) жабдықталған.
-Мектептің салынуы балалардың сапалы білім алуына және тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының құрылауына мүмкіндік береді. Бұл жобаның әлеуметтік мәні бар, өйткені ол өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы және лайықты жағдай жасайды. Бұл орта білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі жағдайды жақсартып, оқытудың заманауи әдістерін табысты әрі тиімді енгізуді қамтамасыз етеді, деді өз сөзінде облыс басшысы.
- Жоба қауіпсіз және заманауи білім беру ортасын қамтамасыз ету тұрғысынан білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға сәйкес келеді. Бұл мектеп болашақтың, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктердің символы. Заманауи, жайлы, қажеттінің бәрімен жабдықталған мектеп білім әлеміне және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, - деп атап өтті өз сөзінде Алтай аудандық мәслихатының төрағасы Л.Гречушникова.
Сәуле Магазовна Кабашова мемлекеттік тілде оқытатын жаңа № 1 Бұқтырма орта мектебінің алғашқы ұстаздарының және жаңа мектеп ашуға бастамашы болғандардың және ниет білдірушілердің бірі. Сәуле Магазовна бүгінде Астана қаласында тұрады және «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық ұйымының бас кеңесшісі қызметін атқарады.
Сәуле Магазовна тұрғындарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
-Менің ойымша, мұндай мысалдар еліміздің барлық қалалары мен ауылдарында болуы қажет. Балаларымызға барынша қолайлы жағдай жасауға бүкіл қоғам атсалысуы керек», – деді Сәуле Магазовна өз сөз кезегінде.