Алтай қаласының технологиялық колледжі базасында Жұмысшы мамандығы жылына арналған айтулы оқиға – «Мамандығым-мақтанышым» WORDSHOP диалогтық алаңы, жұмысшы-шеберханасы алаңы өтті.

Алтай қаласының технологиялық колледжі базасында Жұмысшы мамандығы жылына арналған айтулы оқиға – «Мамандығым-мақтанышым» WORDSHOP диалогтық алаңы, жұмысшы-шеберханасы алаңы өтті.

Студенттер және түлектермен кездесу жастар арасында еңбексүйгіштік, кәсіпқойлық қағидаттарын және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Алтай ауданында Алтай технологиялық колледжі, Серебрянск, ауылшаруашылық колледждерінде студенттер жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады. Кездесу барысында колледждердің оқытушылары жұмыс тәжірибелерін қорытындылап, жұмысшы мамандарын даярлаудағы жетістіктерімен бөлісті.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскарова өз сөзінде Мемлекет басшысы айтқандай қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық құндылықтарын қоғамда кеңінен насихаттаудың маңыздылығын, тәуелділіктен аулақ болу қажеттілігін атап өтті. Бүгінгі мектеп түлектерін сұранысқа ие болу үшін қандай мамандық таңдау керектігін мұқият ойластыруға шақырды. Жұмысшы мамандықтарын танымал ету, олардың тартымдылығын арттыру мақсатындағы іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады, деді Жанна Аскаровна.
Бүгінде мемлекет кәсіби білім беруді дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлуде. Мансап орталықтары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жастар мен ересектерге жұмысшы мамандықтарын тегін меңгеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда.
Мансап ортылығының директоры Б.Бекбусинов ауданда осы бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.
Осындай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының тек кәсіп емес, өңір экономикасы мен дамуының іргетасы екенін дәлелдейді.
Аудан колледждері еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды дайындау жұмыстарын жалғастырады.