
Шара алдында аудан әкімі мен әкімдік мүшелері ауылдық округтегі бірнеше ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандармен танысты, олар: Алтын Сай ауылындағы «Шығыс» тауарлы-сүт фермасы, басшысы – Ержан Бухотанов; Снегирево ауылындағы «Восток» шаруа қожалығының бал өндіру цехы мен қонақ үйі, жетекшісі – Сергей Ерышев. Сондай-ақ Чапаево ауылындағы ауылшаруашылық техникумының жұмысымен танысты, Михаил Снегирев басқаратын «АгроДэн» май цехында болып қайтты.
Ауданның шаруа қожалықтары және сүт фермаларымен танысу мақсатында әкімдіктің осындай көшпелі отырыстарын тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.