ХАБАРЛАНДЫРУ «Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ (070800), Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18, «Алтай ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымының орнына орналасуға конкурс жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ «Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ (070800), Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18, «Алтай ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры бос лауазымының орнына орналасуға конкурс жариялайды.

Лауазымдық міндеттер. Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.  Жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмек көрсетеді. Жұмысқа орналастыруға, кәсіптік бағдарға көмек беру, еріктілер қозғалысын және жастар арасында кәсіпкерлікті белсендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін өздік ұйымдастыру және өздік жүзеге асыруды белсендіретін жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеу мен қолдауды жүзеге асырады.  Жастардың бос уақытын дамытуға көмектесу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.                                                                                              

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар немесе жоқтығын және соттылығының бар немесе жоқтығын растайтын анықтамалар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес бос лауазымға кандидат активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысаны) тапсыру қажет.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау хабарлама жарияланғаннан кейін күнтізбелік
15 күн өткен соң аяқталады: ШҚО, Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18, тел. 8 (72335) 4-01-55