
Әдетте, қатерлі ісік сияқты ауру ұзақ уақыт бойы симптомсыз және ең соңғы сатысында ғана білінеді. Бұл ретте кез келген аурумен, оның ішінде қатерлі ісікпен күресуде ең маңыздысы – алдын алу және дер кезінде диагностикалау. «Қатерлі ісік неғұрлым ертерек анықталса, сауығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады» - мұны бәріміз дәрігерлерден бірнеше рет естіген шығармыз. Қатерлі ісіктерді емдеудің сәттілігі көптеген факторларға байланысты - ісіктің гистологиялық сипаттамалары, оның мөлшері, науқастың денсаулық жағдайы және, ең соңғысы, аурудың сатысы. Түрлі диагностикалық бағдарламалар, соның ішінде скрининг, ауруды «ұстауға» көмектеседі. Онколог Наталья Волкова Алтай ауданында жүргізілетін қатерлі ісік скринингтік зерттеулерінің түрлері мен әдістері туралы әңгімеледі:
– Скрининг дегеніміз – аурудың белгілері болмаған кезде ісіктерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі зерттеу әдістерін қолдану. Скринингтің мақсаты – симптомсыз қатерлі ісік ауруын ерте белсенді анықтау және оны емдеу, сондай-ақ емдеуді қажет ететін ісік алды зақымдануларды анықтау. Наталья Владимировна атап өткендей, ерте кезеңде анықталған ісік толығымен емделеді. Аурудың белгілері пайда болған және ісіктің таралу мүмкіндігі болып қалған кезеңдерде ауруды емдеу күрделене түседі.
– Скринингтік тексерулердің әртүрлі түрлері бар. Ең бірінші скрининг құралы – жалпы тексеру. Тексеру бағдарламасы науқасты мүмкін болатын ісіктердің кең ауқымы бойынша кешенді тексеруді жүргізуге арналған.
Біздің ауданда тексерудің бұл түрі ерлер үшін қалалық емхананың №137 тексеру кабинетінде, ал әйелдер үшін № 148 тексеру кабинетінде жүргізіледі, одан әрі зертханаға скринингтік маршрут бойынша диагностикалық әдістер мен аспаптық диагностика үшін 150-кабинетке жіберіледі, дейді Н.Волкова.
Онкологиялық скринингтің бірнеше әдістері бар, олардың тиімділігі дәлелденген – бұл 50-69 жастағы әйелдерде сүт безі обырына маммографиялық скрининг; ісік алды және жатыр мойны обырының цитологиялық скринингі; жасырын қан анализін, колоноскопияны, сигмоидоскопияны пайдалана отырып, тоқ ішектің қатерлі ісігі мен ісік алды ісікке скрининг жүргізу; простата-спецификалық антиген (ПСА) скринингі.
Бұл скринингтік әдістердің барлығы ауданымызда тұрғындар үшін жүргізіледі. Скринингпен қамту ауыл тұрғындарымен қоса алғанда жыл сайын 13 мың адамды құрайды.
Бұл жағдайда скринингтер аралықпен жүргізіледі, яғни жыл сайын емес. Сондықтан, медицина қызметкерлерінен шақыру түссе, скринингтік тексеруден өтуге тұрғындарға үлкен өтініш.
Қазіргі таңда Алтай ауданы тұрғындарын сүт безі обырын ерте анықтау бойынша скринингпен қамту 71% (жоспар 3786, қамту – 2689), жатыр мойны обыры – 53,5% (жоспар 2838, қамту – 11972), тоқ ішек обыры – 85,2% (жоспар 3685, қамту-3139) құрайды.
Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.