Алғыс күні ағылшын тілі сабағында

Алғыс күні ағылшын тілі сабағында

Алғыс күні мерекесі қарсаңында Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ағылшын тілінің оқытушысы О.Э.Медведева тақырыптық сабақ өткізді. Іс-шараға қатысушылар - ағылшын тілі курсының тыңдаушылары аталған көктем мерекесінің пайда болу тарихын еске алып, қазақ халқының мейірімділігі туралы сөз етті, ағылшын тілінде өлең оқыды. Барлығы бірге «Алғыс күні» бейнеролигін тамашалап, бір-біріне ағылшын тілінде алғыс сөздерін айтты. Сабақ жылы, достық атмосферада өтті.

Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ