Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 70 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 70 қаулысы        Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған материалдарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 2) тармақшасына, 81-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 20) тармақшасына, 6-тарауына сәйкес,  «Алтай ауданының жергілікті атқарушы органына мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қою мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу туралы» Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің  2023 жылғы 30 қаңтардағы №30 өкімі негізінде,  Бұқтырма су қоймасының (Жаңа Бұқтырма кенті) жағалауында туризмді дамыту бағдарламасына сәйкес Жаңа Бұқтырма кентінің (муниципалдық (қоғамдық) жағажайы, орман-саябақ демалыс аймақтары) ортақ пайдалану орындарын салу және абаттандыру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген тізбеге сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастасын.

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні  – 2023 жылдың 2 мамыры.

  1. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі меншік иелеріне осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама жіберсін және заңды талап ретінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Панфилов көшесі, 7, «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылы.
  3. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» және «Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  4. «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджеттен қаражат қарастырсын.
  5. «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Алтай ауданының әкімі                                                                    Е. Мустафин